Семей медицина колледжі
Колледж туралы
Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында колледжде оны жүзеге асыру шаралары қарастырылған. «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңға сәйкес колледжде оқу процесі мен оқу-әдістемелік жұмыс орыс тілінде де, мемлекеттік тілде де жүргізіледі. Колледждегі оқу үдерісін лицензиялық талаптарға және мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес мамандар даярлауды қамтамасыз ететін жоғары білікті және тәжірибелі оқытушылар құрамы жүзеге асырады. Бесекеге қабілетті мамандар қалыптасқан серіктестік жүйесінің арқасында дайындалады. Арнайы пәндер, оқу, өндірістік және кәсіптік практика бойынша тәжірибелік сабақтар Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің Медициналық орталығында, Жедел жердем ауруханасында, Перинаталдық орталықта, №2 қалалық ауруханада және Семей қаласының басқа да жетекші медициналық ұйымдарында өткізіледі.